Барлығы сүйек сыну жарақаттарын алған
22 қараша күні Ақтауда екі көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Приморский тұрғын үй алабының маңында болған.
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жарақат алғандардың барлығы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілген.
«Зардап шеккендердің арасында 1966, 1988 және 1985 жылы туған үш адам бар. Олардың екеуі әйел, біреуі ер адам. Барлығы сүйек сыну жарақаттарын алған», – деп хабарлады мекеме өкілдері.