Ауа райы тұрақтанған жағдайда, шектеулер 22 қарашада сағат 07:00-де алынады деп жоспарлануда
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Ақмола облысы:
2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-ден бастап, Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 36-200 шақырым аралығында (Софиевка ауылы – Павлодар облысының шекарасы) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектеледі.
Павлодар облысы:
Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы автожолының 1135-1367 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Атамекен ауылы);
Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 200-254 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті ауылы);
Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара автожолының 0-231 шақырымы (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысының шекарасы).
Қарағанды облысы:
19:00-ден бастап Павлодар облысымен шекаралас жолдарда келесі бағыттар бойынша барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Қызылорда-Павлодар автожолының 970-1135 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);
Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара автожолының 231-324 шақырымы (Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы).
Ұлытау облысы:
Қарағанды облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты, 21 қараша күні 19:00-ден бастап "Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Жаңаарқа ауылы) жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылады.
Ауа райы тұрақтанған жағдайда, шектеулер 2024 жылғы 22 қарашада сағат 07:00-де алынады деп жоспарлануда.
Жүргізушілерді жолға шықпас бұрын өңірлердегі ауа райы болжамын және жолдардағы жағдайды қадағалап отыруға шақырамыз. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, сапарларды кейінге қалдыруға кеңес береміз.