Рейдерлікпен айналысқан: кәсіпкерлерге 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген топ ұсталды
Қылмыстық топтың басшысы қолға түсті

Павлодар облысындағы кәсіпорындардың бірінде қылмыстық топтың рейдерлік әрекеті анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы қорқытып, құжаттарды бұрмалау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін тартып алумен айналысқаны анықталды. Меншік иелерінің кәсіпорынға кіруіне шектеу қойып, заңды тұлға үшінші тұлғалардың атынан тіркеліп, кейін мүлік сатылған.
«Меншік иелеріне келтірілген залал 1 миллиард теңгеден асты, соттың санкциясымен қылмыстық іс бойынша қатысқан адамдардың мүлкі тәркіленіп, негізгі күдікті қамауға алынды.
Қадағалау ретімен жоғарыда аталған қылмыстық жетекшінің басшылығымен қылмыстық топ тұлғалардың қылмыстық әрекетінің басқа фактілері бойынша 5 сотқа дейінгі тергеу қайта жалғасты.
Қазіргі уақытта Экономикалық тергеу басқармасымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген прократура хабарламасында.