$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жақын араласқан емеспін»: Мәулен Әшімбаев Перизат Қайрат жайлы айтты

Ол тергеудің қорытындысы барлығын шешеді дейді

«Жақын араласқан емеспін»: Мәулен Әшімбаев Перизат Қайрат жайлы айтты
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтардың қайырымдылыққа аударған қаржысын жымқырды деп ұсталған Biz birgemiz қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тергеу қорытындысы бойынша барлық ақпарат жұртшылыққа хабарланады. Ол бойынша адамдардың кінәсі дәлелденсе, сот әрі қарай шешім шығарады, заң бойынша қатаң жазаланады. Тергеу әділ әрі тиянақты өтетініне ешкімнің күмәні болмауы керек. Ол тұлғалар қажетті жазасын алады», - дейді Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысының кулуарында.

Сенат төрағасы Перизат Қайратпен жақын таныс емес екенін айтты.

«Мен онымен жақын таныс болған емеспін. Мен көптеген іс-шараларға барамын. Апта сайын бірқатар шара өтеді. Кейбір іс-шараларда ол болған шығар. Ал онымен жақын араласатын деңгейде болған емеспін»,- дейді Мәулен Әшімбаев.
 

Еске салсақ, осыған дейін Biz birgemiz қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат су тасқыны кезінде 1,5 млрд теңгені жымқырғаны үшін күдікті болып ұсталған еді.

Серіктес жаңалықтары