21.11.2024, 13:05
Жаңалықтар
Талғарда изолятордан қашқан күдікті бойынша лауазымды қызметкерлер жазаланды – министр
Іс бойынша қылмыстық іс әлі аяқталмаған
Фото: Алматы облысы ПД
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Талғардың түрмесінен қашуға жол бергендер қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өкінішке қарай, бұл өз ісіне дұрыс қарамағаннан болды. Әдейі ешкім қашырған жоқ. Қызметтік тексеріс жүргіздік. Бірқатар басшылық құрам мен тікелей жауапты қызметкер жауапқа тартылды. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның аясында бәрін қараймыз. Тікелей осыған жол бергендер жауапқа тартылды», - дейді Сәденов.
Еске салсақ, Алматы облысы Талғар ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған зорлау ісі бойынша күдікті 21 қазанда қашып кеткен еді. Кейін ол ұсталып, қашқаны үшін де қылмыстық іс арқалады.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды