Екі елдің қорғаныс министрлері Белградта кездесті
Қазақстан мен Сербия 2025 жылы әскери салада ынтымақтасатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов сербиялық әріптесі Братислав Гашичпен ресми кездесуі барысында екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
«Бағдарлама аясында қазақстандық делегация Сербияның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмелерімен танысты.
Келіссөздер нәтижелері бойынша қорғаныс саласындағы екіжақты келісімге және 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.