Қырғызстанда жер сілкінісі болды

Автор: Аян Бекжанұлы

Оның әсері Қазақстан аумағында сезілген жоқ

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы жер сілкінісі болғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жер сілкінісі 20 қарашада Астана уақытымен сағат 03:53-те тіркелді. Жерасты дүмпуінің ошағы Қырғызстан аумағында – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 689 шақырым жерде орналасқан.

ҚР аумағында сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметтері бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 4,1 балды құрады. Жер сілкінісінің ошағы Баткен облысы Лейлек ауданы Лейлек ауылынан солтүстікке қарай 6 шақырым жерде орналасқан.

Елді мекендерде жер сілкінісінің қарқындылығы: Лейлек, Рават, Қара-Суу, Коргон, Катран, Коргон ауылдарында шамамен 3,5 балл, Берік-Суу, Қызыл-Шарба ауылдарында – 3 баллды құрады.