Қонаевта перзентханадан шыққан кортеж жүргізушілері қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар перзентханадан шыққан соң жол ережесін бұзған

Фото: Видеодан скриншот

Қонаев қаласында Алматы-Өскемен тасжолында перзентханадан шығып, жол ережесін бұзған кортеждің жүргізушілері қамауға алынып, көліктері айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, жол ережесін бұзғандар Қонаев қаласындағы перзентханадан Арна ауылына бара жатқан.

«Кортеж қатысушыларының бірі 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, тағы үшеуі бір күннен қамауға алынды. Төртеуі де бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Ал тағы екі қатысушыға айыппұл салынды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыра отырып, жолда қауіп төндіретін кез келген әрекеттің жолы кесілетінін ескертті. Ереже бұзушылар міндетті түрде тиісті жазаға тартылады», - деп жазады Polisia.kz.