19.11.2024, 12:43
Жаңалықтар
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза болды
Төрт адам да жеңіл көлікте болған
Фото: Видеодан скриншот
Түркістан облысының «Жетісай-Жібек Жолы» тасжолында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты «ВАЗ» маркалы автомобильдің «Вольво» жүк көлігімен соқтығысуынан болған. Оқиға болған жерде жүргізуші мен жеңіл автокөліктің үш жолаушысы қаза тапқан.
«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және облыс жолдарында мұқият болуға шақырады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
30.08.2026, 06:23
Абылайхан Жұбаназар Лозаннада Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады
30.08.2026, 13:23
Ұлыбританиядан Моңғолияға дейін: Кеншілер күні Қарағандыға 250 мың көрермен жиналды
30.08.2026, 08:29
Жезқазғанда өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында өрт шықты (ВИДЕО)
30.08.2026, 22:21
Кипр жағалауында аударылған кемеде Қазақстан азаматтары бар ма: ҚР СІМ жауап берді
30.08.2026, 07:36
Жаңбыр, жел және аптап: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды