Алматыда жасөспіріп жоғары қабаттан секіріп көз жұмды

Автор: Дулат Асель

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: istockphoto.com

Алматының Әуезов ауданында жасөспірім көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.

«Бұл іс бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», — деді Алматы қалалық Полиция департаментінен.