$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда жалған нөмірлері мен құжаттары бар көлік анықталды

Құқық қорғау органдары аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады

Оралда жалған нөмірлері мен құжаттары бар көлік анықталды
Фото: БҚО ПД

Орал қаласының Циолковский көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері KIA K-5 маркалы көлікті тоқтатты. Тексеру барысында көліктің жалған мемлекеттік нөмірлермен басқарылғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар автокөліктің арнайы тораптары мен агрегаттарының құжаттардағы деректермен сәйкес келмейтіні белгілі болды. 

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі мен құжаттары жалған болған. Осыған байланысты автокөлік арнайы мамандандырылған автотұраққа жеткізілді. 

«Құқық қорғау органдары аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің барлық мән-жайларын анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары