Футбол: Черчесов Ұлттар лигасындағы сәтсіздіктен кейін мәлімдеме жасады

Автор: Дулат Асель

Жарыста Норвегия ойыншылары Қазақстан құрамын 5:0 есебімен ойсырата жеңді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов құраманың оң нәтижеге қол жеткізуі үшін қандай өзгерістер қажет екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бұл ақталу емес, бірақ бізде бірде-бір артықшылық болған жоқ. Астанада синтетикалық алаңда ойнамадық, ол жерде бізде белгілі бір басымдық бар. Мен келгенге дейін ешкім бұл мәселені ойламаған. Күнтізбе солай жасалған, дайындалуға қосымша уақыт жоқ. Бұрын ондай мүмкіндік болған. Келесі жылы Астанаға ораламыз, дегенмен Алматыда бізді тамаша қабылдады. Бірақ синтетикалық алаңның болмауынан белгілі бір басымдықты жоғалттық. Регламент бойынша дайындыққа уақыт қарастырылмаған. Австрияға қонаққа барар алдында дайындыққа екі күн ғана берілді. Мен келгенге дейін құрама қараусыз қалған еді. Қосымша дайындық күндерін сұрап, құжаттарды өткіздім. Бүгін көптеген ойыншылар тәжірибе жинақтады. Қасым мен Астанов сияқты футболшыларға мүмкіндік бердік. Келесі циклде бұл нәтиже береді деп үміттенеміз», – деді Черчесов. 

Еске сала кетейік, ресейлік маман бас бапкерлікке келгеннен бері Қазақстан құрамасы бес ойында жеңіліп, бір кездесуде тең түсті. Черчесовтың шәкірттері қарсыластарының қақпасына бірде-бір гол соға алмай, өз қақпасына 15 гол жіберді.