$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ІІМ «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады

191 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ІІМ «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Ел аумағында жоспардан тыс «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Операцияның негізгі мақсаты – есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар мен дәріханалық нашақорлықтың таралуына жол бермеу. Рейдтік іс-шара кезеңінде прекурсорлар мен медициналық препараттарды қолданатын мыңнан астам ұйым, оның ішінде 721 дәріхана, 77 қойма, 159 емдеу-профилактикалық мекемеcі және 129 өнеркәсіптік кәсіпорын тексерілді. Алдында өткен “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасымен салыстырғанда анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың 30%-ға өскені байқалады. Үш мың тоннадан астам прекурсорлардың айналымы шектелді. Атап айтқанда, бұл синтетикалық есірткілерді өндіруде қолдануға болатын қос мақсаттағы тауарлар. Әкімшілік жауапкершілікке 191 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 108 медицина қызметкері. Сақтау шарттарын бұзғаны үшін 44 мың таблетка және 14 мың ампула психоактивтік препараттар айналымы шектелді. Есірткі құралдарымен жұмыс істеу саласында бес қылмыстық құқық бұзушылық анықталды», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіптік объектілерінің бірін тексеру барысында лицензиясыз пайдаланылған 14 тоннадан астам тұз қышқылы анықталып тәркіленді. Абай облысындағы медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою қағидаларын бұзу дерегі анықталды, онда 137 ампула психоактивтік заттар тәркіленді. Фармацевтке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен айналысатын заңды тұлғаларға бақылаудағы заттарды тасымалдау, сақтау, пайдалану және сату нормаларын сақтау қажет екенін айтамыз. ІІМ есірткінің заңды айналымы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарды бұзғаны үшін Қылмыстық кодекстің 303-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады, бұл 600 мың теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза», – деді Қуандық Әлжанов.

Серіктес жаңалықтары