Апатты қалпына келтіру жұмыстары басталды
Өскемен қаласының бірнеше ауданында тұрғындар жылу жүйесінің 630 мм диаметрлі магистральдік құбырының жарылуы салдарынан жылу мен ыстық судан ажыратылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Yk.kz сайтына сілтеме жасап.
«Шығыс Жылу» АҚ мәліметінше, апат салдарынан 14819 абонент жылусыз қалған, оның ішінде:
Апаттық бригадалар құбырдың жарылған орнын анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.
«Мамандар мен техника жұмыс істеп жатыр. Қиындықтар жарылған орынды анықтау барысында туындады. Апат жойылған соң жылу қайта беріледі. Авария кезінде жылу жүйесі қатып қалған жоқ», – деп атап өтті ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.
Қазіргі уақытта апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.