Қоғамдық көліктің екі жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді
Алматы қаласында екі автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Қоғамдық көлік жүргізушілері жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 16 қараша күні Түрксіб ауданындағы Бекмаханов көшесінде болған.
«Бекмаханов көшесінде екі автобус пен Chevrolet маркалы жеңіл автокөлік соқтығысқан. Қоғамдық көліктің екі жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді. Басқа зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Түрксіб ауданы полиция басқармасының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Алматы полициясы жолда абай болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.