Тәртіп сақшылары оған қатысты әкімшілік хаттама толтырды
Шымкенттік жүргізуші бір тонна сойылған малдың ішек-қарынын ауыл маңына төгіп кеткен. Жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент ПД баспасөзі қызметінің хабарлауынша, учаскелік инспекторлар құқық бұзушылық туралы WhatsApp-тағы ортақ чат арқылы тұрғындардан білген.
Іздестіру шараларының нәтижесінде құқық бұзушы жедел анықталды.
«Ол өзінің іс-әрекетін жүк көлігінің бұзылуымен ақтағысы келді, алайда бұнысымен заңды жауапкершіліктен қаша алмады. Тәртіп сақшылары оған қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Сойылған жануарлардың қалдықтарын ер адам өзі жинады», - делінген ақпаратта.
Айта өтсек, мегаполистің учаскелік инспекторлары азаматтармен тығыз сенімді кері байланыс орнату және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мессенджердегі чаттарда өз аумақтарының тұрғындарымен белсенді байланыста.