Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 16 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының көп бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклон сілемі әсер етеді.

Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, — делінген хабарламада.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстігінде төменгі бұрқасынмен, батысында, солтүстік-батысында көктайғақ, батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында тұман күтіледі.