Президент екі ел арасындағы байланыстың дами беретініне сенім білдірді
Мемлекет басшысы Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.