15.11.2024, 14:59
Жаңалықтар
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі тағайындалды
Ол осыған дейін аппарат басшысы болған
Фото: primeminister.kz
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметіне Рахымжан Исақұлов тағайындалдыдеп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рахымжан Ержанұлы Исақұлов өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген Үкімет қаулысында.
Ол 1987 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді.
Роял Холлоуей Лондон университетін, Бедфорд Нью колледжін, Жапонияның Ұлттық аспиранттар саяси зерттеулер институтын бітірген.
- Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі референтінің міндетін атқарушы болып бастады.
- 2013-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінде Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің консультантынан бастап Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторына дейін түрлі лауазымды қызметтер атқарды.
- 2018-2020 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
- 2020-2023 жылдары – Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы.
- 2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы.
- 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды