Олар инновациялық технологиялар тақырыбын зерттеп жүр
Қытайдан келген жас зерттеушілер Satbayev University оқу орнында білімін шыңдап жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қытай Халық Республикасынан келген бес докторант қазіргі уақытта Satbayev University-дің Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтында «Инновациялық технологиялар және жаңа бейорганикалық материалдар» білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда.
Цюй Чжуанчжуан, Гао Лили, Лю Цзинцзин, Го Сяохун және Ли Цзя «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасында инновациялық технологиялар және органикалық емес жаңа материалдар саласы бойынша білім алып жатыр. Оларға профессор Азат Сейітхан мен малайзиялық Нур Набиха Юсуф жетекшілік етіп жүр.
«Мен наномагнитті цеолитті алу жолдары және нанопластиктердің адсорбациялық ерекшелігі тақырыбын алып, зерттеп жүрмін. Жуырда университетіміздің 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шараға қатыстым. Бұл жағынан Қытайдан қатты айырмашылық бар. Бұл жерде көп нәрсе үйрендім, тіпті ғылым және жоғары білім министрімен фотоға да түстім. Бұл менің болашақ оқуыма ерекше ынта береді.
Satbayev University оқу орнына білім жолында үлкен жетістіктер тілеймін!» - дейді Цюй Чжанчжуан.