Олар есірткі сатумен, жарнамалаумен айналысқан
Қазақстанда Telegram желісі арқылы есірткі сататын 80-нен астам арна анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар елімізде синтетикалық есірткіні насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған.
Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы 80-ден астам телеграмм арналары бұғатталды.
«Прокуратура органдары байланыс операторларымен бірлесіп бақылау шараларын жетілдіруді және платформалармен заңсыз контентті жылдам бұғаттауды жалғастыруда», - делінген Көлік прокуратурасы хабарламасында.