Жезқазғанда 68 жастағы әжей немересімен бірге балконда құлыптанып қалған

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқару операциясының нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ

Бейнеден кадр

Жезқазғанда 68 жастағы әжей немересімен бірге балконда құлттанып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Жезқазған қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінің қылтимасында 1956 жылы туған әйел адам немересімен қамалып қалып, құтқарушылардан көмек сұрады.

«Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 3-қабаттың балконынан 2-қабаттың балконына альпинистік жабдықтың көмегімен кіріп, есікті ашуға көмектесті.Құтқару операциясының нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген ақпаратта.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауыңызды сұрайды!