Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров Қонаев қаласы сотының төрағасы сотталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен Қонаев қалалық сотының төрағасы Жайық Жанболатов 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.Ол сотталушыға жазасын жеңілдету сылтауымен, аса ауыр қылмысты жеңілдету бойынша 9 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу арқылы, алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды», -деді ол.
Бегайдаровтың айтуынша, қосымша жазалау шарасы ретінде Жанболатов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылған.