14.11.2024, 14:26
Жаңалықтар
Данияр Елеусінов ақпан айында рингке оралатын болды
Ол үш жылдық үзілістен кейін биыл қыркүйек айында шаршы алаңға шыққан
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 2025 жылдың ақпан айында рингке шығатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
AllStarsBoxing ұйымының мәліметінше, отандасымыздың қарсыласы ретінде үш боксшының біреуі болмақ. Олар: Оңтүстік Африкадан шыққан 33 жастағы Тулани Мбенге, 31 жастағы ұлыбританиялық Крис Конго және 38 жастағы Венесуэла боксшысы Габриэль Маэстре.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов үш жылдық үзілістен кейін биыл қыркүйек айында Алматыда AllStarsBoxing кешінде шаршы алаңға шығып, филиппиндік Джо Нойнаяны 5-раундта нокаутқа жіберген болатын.
Көп оқылған
28.08.2026, 11:05
Шұғыл: Қазақстан Үкіметі өкілеттігін тоқтатты
28.08.2026, 13:02
Ұзынағашта ерлер дәретханасынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды
28.08.2026, 16:16
Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап, ауласындағы алма ағашына жасырып қойған (ВИДЕО)