Ақмола облысында алимент төлеуден жалтарған ер адам сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотта мемлекеттік айыптаушы борышкердің кінәсін толық дәлелдеді

Фото: depositphotos.com

Ақмола облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды. Ол бір жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған үш баланың пайдасына 1,7 млн теңгеден астам алимент төлеуден жалтарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотта мемлекеттік айыптаушы борышкердің кінәсін толық дәлелдеді.      

5 қарашада сот оны борышкерге пробациялық бақылау белгілей отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындау туралы үкім шығарды.  

Сондай-ақ, прокуратураның бастамасымен 4,2 млн теңге қарызы бар басқа борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар Ерейментау ауданы прокуратурасының шараларымен кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 1,5 млн теңгеден астам сомаға алимент өндірілді.