«Аяғың ауырса да, шауып кеткен адамсың»: Тамара Асар өзіне кімдер тұсау кестіргенін айтты (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол атыраулық отбасыны есіне алды

Әнші Тамара Асар «Төрлетіңіз» бағдарламасында көп жыл бойы оған ешкім тұсауын кестірмей қойғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жас кезімнен аяғым ауыратын адамдардың бірімін. Көп адам менен тұсау кестіруге қорқады. Осыдан 15 жыл бұрын Атырауда бір отбасы артымнан қалмай жүріп, тұсау кестірді. Бала күнімде желаяқ болдым. Тұсауды көп кестім. 21 жасымда жол апатына түскен соң ешкім маған тұсау кестірмей қалды. 30 жасқа таяған кезде Атырауада екі адам қоймады. Мен қалай кесемін, аяғым ауырады деп айттым. Олар «білеміз, сен аяғың ауырса да, шауып кеткен адамсың. Ешнәрсеге қарамай шауып кеткен адамсың. Сендей болуы керек деді. Сондықтан мен кескен адам ешқашан құламайды», - дейді Тамара Асар.  

Еске салсақ, әнші 21 жасында ірі жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған еді.