Аягөзде аязды күні Моңғолия жолаушылары мінген автобус жолда қалды

Автор: Аян Бекжанұлы

Автобусқа 23 жолаушы мінген

Фото: Видеодан скриншот

Абай облысының Аягөз жерінде боранды күні Моңғолия жолаушылары мінген автобус жолда қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қатты боран «Алматы – Өскемен» тас жолын жауып, Моңғолиядан Алматыға бағыт алған автобусты Аягөз қаласында аялдауға мәжбүр етті.

Автобустың ішінде 23 жолаушы – 19 моңғолиялық және 4 қазақстандық, оның ішінде бір жасөспірім болды.

«Қала полицейлері адамдарға «Спорт мектебінде» орналасқан жылыту пунктінде жайлы орын ұсынды, бірақ жолаушылар жолда уақытша үйге айналған автобуста қалуды жөн көрді.

Аязда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автобус жанында тәртіпті қадағалап, көмек көрсетуге дайын полиция бекеті орнатылды», - делінген Абай облысы Полиция департаментінің хабарламасында.