Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық аймағында қар жауады – ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Елдің басым бөлігінде екпінді жел, сол сияқты көктайғақ болуы мүмкін

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 12-14 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктер болжамынша, еліміздің барлық дерлік аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады; Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болжанады.

«Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы бұрқасын, көктайғақ құбылыстары, елдің басым бөлігінде екпінді жел күтіледі. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты қар, 13 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы болжанады. Тек батысында, 14 қарашада елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сол сияқты еліміздің батыс облыстарында ауа температурасының түнде 0-11 аяздан 8 градус аяз -3 градус жылуға дейін, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығындағы өңірлерде түнде 8-18-ден 3-15 аязға дейін, күндіз 5-12-ден 0-8 аязға дейін, республиканың шығысында 13 қарашада ауа температурасының түнде 10-25 аязға дейін, күндіз 5-16 аязға дейін төмендеуі күтіледі, 14 қарашада түнде 7-20 аязға дейін, күндіз 2-13 аязға дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады, түнде 6 градус жылудан - 6 градус аяздан, 1-10 аязға дейін, күндіз 3 градус аяз - 5 градус  жылуға дейін», - делінген ауа райы болжамында.