Мұнда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді
Ауа райының бұзылуына байланысты Ұлытау облысы аумағында көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы 11 қарашада сағат 00:00-де Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда – Павлодар» автожолының 433-750 шақырым аралығында (Жезқазған қаласынан Жанаарқа ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген ақпаратта.
Ал бұған дейін ұлттық компания Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жол ашылғанын хабарлаған еді.