Маңғыстауда тергеу изоляторына ұялы телефонды дымқыл майлықтардың қорабына салып өткізбек болған

Автор: Azattyq Rýhy

Тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото: Маңғыстау облысы ҚАЖД баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде ұялы телефонды дымқыл майлықтардың қорабына салып өткізбек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қамаудағы азаматтың танысы әкелген сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері NOTHING маркалы смартфон мен екі SIM-картаны анықтап, тәркіледі.

«Смартфон дымқыл майлықтардың қорабына жасырылған болатын. Тәртіп бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Осы дерек бойынша материалдар Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды», - делінген хабарламада.