«40 жолаушыны тасымалдаған»: Астана – Петропавл автожолында мас автобус жүргізушісі ұсталды
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астана - Петропавл автожолының 232-шақырымында тәртіп сақшылары Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны басқарған Van Hool автобусын тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің мас екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, құжаттарды тексеру және әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Оған Бурабай ауданының ауруханасына медициналық тексеруден өту ұсынылды, онда дәрігер жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде екенін растады.
«Жүргізуші 40 жолаушыны тасымалдаған. Осы факті бойынша жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ақпаратта.
Жолаушылар сапарын басқа жүргізушімен жалғастырды.