$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты тағы үш облыста жол жабылды

Жолдар шамамен 11 қарашада ашылуы мүмкін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты тағы үш облыста жол жабылды
Фото: © freepik.com

«ҚазАвтоЖол» Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдардың жабылуына байланысты жаңартылған ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысы

Сағат 18:30-дан бастап Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты Абай облысымен шектесетін Омбы-Майқапшағай автожолының Кенжекөл кентінен облыс шекарасына дейінгі учаскесінде жүк және жолаушылар көлігінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Сағат 19:00-ден бастап СҚО-да Мамлютка-Қостанай автожолының Мамлюткадан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.

Қостанай облысы

Сағат 19:00-ден бастап Қостанай облысында СҚО-дағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Мамлютка-Қостанай автожолының СҚО шекарасынан Ұзынкөл кентіне дейінгі учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.

Жолдар шамамен 2024 жылғы 11 қараша сағат 06:00-де ашылуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, боран, қатты жел және көрінудің нашарлауына байланысты «ҚазАвтоЖол» АҚ төрт өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде қозғалысты шектеді немесе жолды жапты.

Бұған дейін Абай облысындағы жолдардың жабылғаны туралы хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары