«Қайрат» командасы футболдан Қазақстан чемпионы атанды
Команда өз тарихында төртінші рет Қазақстан чемпионы атанды
10 қарашада футболдан Қазақстан премьер-лигасының командалары арасында өткен чемпионат аяқталып, үш жылдан кейін алтын медаль Алматының «Қайрат» командасына бұйырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қайрат» шешуші матчта сырт алаңда «Атырау» командасын 1:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Ойынның жалғыз әрі жеңісті голын 59-минутта грузиялық легионер Григорий Зария бразилиялық Жоао Паулоны шалып құлатқан қарсыластың қателігінен соң 11 метрлік айып добын сәтті орындады.
Осы жеңістің арқасында алматылық команда өз тарихында төртінші рет Қазақстан чемпионы атанып, жалпы есепте 47 ұпай жинады.
Биылғы маусымның күміс жүлдесі қатарынан екінші жыл «Астана» командасына (46 ұпай) бұйырды. Григорий Бабаянның шәкірттері 26-турда «Жетісуды»5:0 есебімен ойсырата жеңді.
2024 жылғы Қазақстан премьер-лигасының қола жүлдесін «Ақтөбе» футболшылары (43 ұпай) иеленді. Олар маусымның соңғы матчында Түркістан облысының «Тұран» командасын 2:0 есебімен жеңді.
Елдің қазіргі чемпионы «Ордабасы» чемпиондық тәжінен айырылып, турнир кестесінің 4-орнында тоқтады. Соңғы турда олар «Елімайды» 2:1 есебімен жеңгенімен, бұл нәтиже жоғары орынға көтерілуге жеткіліксіз болды.