Германияда Бундестагқа мерзімінен бұрын сайлау өткізуге қатысты дау өршіп тұр
Германияның сайлау комиссиясы елде жаңа бюллетень қағазының жетіспеушілігіне байланысты қиындықтар болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Bild ақпараттық агенттігінің мәліметінше, Германияда Бундестагқа мерзімінен бұрын сайлау өткізу мүмкіндігіне қатысты дау өршіп тұр.
«Германияның Федералды сайлау комиссиясының төрайымы Рут Бранд дауыс беруді ұйымдастыруды қызметкерлердің жетіспеушілігі, жоғары қауіптер, тіпті бюллетеньдерге арналған қағаз тапшылығы қиындатуы мүмкін екенін айтты. Ол бұл мәселені «үлкен проблема» деп атап, жақын арада сайлау өткізудің мүмкіндігіне күмән білдірді», – деп жазады басылым.
Бұл мәлімдемеге жауап ретінде Германияның Христиан-демократиялық одағы партиясының өкілдері Брандтың сөзін сынға алып, оны абсурд деп атады. Олар Брандты «манипуляцияларға бой алдырмауға» шақырып, Францияда мерзімінен бұрын сайлаудың небары үш апта ішінде ұйымдастырылғанын еске салды.
«Германия сияқты ел сайлауды 60 күн ішінде өткізуге қабілетті болуы керек», – деді партия өкілдері.