10.11.2024, 12:02
Жаңалықтар
Астанада бірнеше әуе рейсі кешіктіріліп жатыр
Жалпы 75 рейс жоспарланған
Фото: t.me/nqzairport
Астана халықаралық әуежайында 10 қарашадағы әуе рейстерінің кешігуі туралы соңғы деректер жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарланған 75 рейстің ішінде алты рейс кешіктіріліп жатыр.
Қазіргі уақытта келесі рейстердің ұшуы кешіктірілгені хабарланды:
- SU1957 Астана – Мәскеу,
- KС7208 Астана – Атырау,
- КС7315 Астана – Қызылорда,
- КС921 Астана – Франкфурт,
- DV716 Астана – Шымкент,
- КС642 Астана – Алматы.
«Ауа райына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы тіркелген жоқ», – делінген хабарламада.
Жолаушылар рейстердің мәртебесі мен кестедегі мүмкін өзгерістер туралы ақпаратты әуе компанияларынан немесе Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталықтың 8 (7172) 702-999 нөмірі арқылы ала алады.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды