Мысырда автобус аударылып, үш қазақстандық зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апатынан 41 адам жарақат алған

Фото: © istockphoto.com

Оңтүстік Синайда автобус аударылып, 41 адам жарақат алды, олардың ішінде үш Қазақстан азаматы бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Cairo24-ке сілтеме жасап.

«Автобус аударылғаннан кейін 41 адам жарақат алды. Жарақат алғандардың арасында Ресей мен Украинадан келген 31 турист, Қазақстаннан келген үш азамат, Әзербайжаннан үш азамат және төрт мысырлық бар», – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы Мысырдың Оңтүстік Синай аймағындағы Рас-Судр жолында болған. Ал автобус туристерді тасыған.

Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері жедел жетіп, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.