Онда жолдардағы қауіпсіздікті сақтау туралы айтылған
Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылдың 9 қарашасында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында кей жерлерде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар жауады деп болжанды.
«Осыған байланысты жүргізушілерден жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз», – делінген хабарламада.
Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпас бұрын көліктерінің жағдайын тексеріп, жолда ерекше сақ болу туралы ескертілді.