Ол баласына қолынан келгенінің бәрін жасайтынын айтты
Белгілі отандық блогер Фариза Төреәлі бір жасқа толған қызына Астана қаласынан пәтер сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бір жыл бұрын жарық дүниеге сен келдің, қызым. Уақыттың қалай зулап өткеніне сене алар емеспін. Алланың бізге берген ең үлкен сыйы – сенсің. Біз ұзақ күткен бақытымыз! Дәл осы күні, сағат 13:05-те сені өмірге әкелген сәтімді еске алсам, көңілім босайды. Қызым, осындай махаббат барын мен тіпті білмеппін. Аналық сезімді сыйлағаны үшін, сені бізге нәсіп еткен Раббыма сансыз шүкіршілік айтамын. Ең бақытты, тағдыры ең көркем жандардың қатарында бол. Амандығыңды тілеймін. Бақыт деген – сен. Махаббат деген – сен. Қуаныш деген – сен. Бір жасың құтты болсын, жарығым!» – деп жазды Фариза Instagram парақшасында.
Ол күйеуі Дархан екеуі оған Астана қаласынан үй сыйлағанын, осылайша инвестиция жасауға мүмкіндік туғанын айтты.
«Сен үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», – деп жазды Фариза Төреәлі.