Заң 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі
Өзбекстанда цирк қойылымдарына жануарларды, сол сияқты піл, жолбарыс, арыстан, аю, маймыл секілді аңдарды қолдануға тыйым салынбақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі 24 kg-ға сілтеме жасап.
Ел билігі тиісті қаулыны жануар құқығын қорғау мақсатында қабылдайды. Құқық қорғаушылар мен жануарлар құқығын қорғаушылар бұл заңды қолдаған. Заң мемлекеттік цирктермен қатар, жылжымалы цирктерде (шапито) жабайы жануарларды ұстауға және оларды цирк қойылымдарында пайдалануға тыйым салады.
Экология, қоршаған ортаны қорғау министрлігінің рұқсаты негізінде тізбеге енгізілген жануарларды хайуанаттар бағы мен питомниктерде (террариумдар, океанариумдар, серпентарийлер және басқаларда) ұстауға болады.