Сәтбаевта ағасының кеудесіне пышақ сұғып алған ер адам бірнеше жылға сотталып кетті

Автор: Аян Бекжанұлы

Оқиға биыл 11 тамыз күні кешкі уақытта болған

Фото: istockphoto.com

Сәтбаев қаласында жанжал үстінде ағасының кеудесін пышақ тыққан ер адамға қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық соттың мәліметінше, оқиға биыл 11 тамыз күні шамамен сағат 21:00-де болған. Айыпталушы азаматтық әйелі «Ц»-мен бірге үйіне мас күйінде келген. Ал үйінде оның ағасы «Т» мен қарындасы «Т» болған. Шамалы уақыттан кейін қонақ бөлмеге кіргенде, ағасы мен қарындасының бір-бірімен ұрысып жатқандығы туралы көрініске куә болған ол ағасын сабырға шақырған. Алайда, ағасы одан әрі агрессия таныту салдарынан жанжал шыққан.

Шамамен 22:00-де сотталушының ағасына ауыр дене жарақатын келтіру туралы ой-ниетін  жүзеге асыру үшін ас бөлмеге барып, үстелден ас үй пышағын алып, диванда жатқан ағасының кеудесінің оң жақ тұсына бір рет тығып алған. Салдарынан зардап шегуші «Т» Сәтбаев қаласының №1 орталық ауруханасына «Оң жақ кеуде аймағының тесілген пышақ жарақаты, пневмоторакс» деген диагнозбен жеткізілген.

«Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Сондай-ақ оның кінәсі сотқа ұсынылған және сотта зерттелген дәлелдермен расталды.

Жаза тағайындау кезінде сот кінәні толық мойындау және ауырлататын себептердің болмауы сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескерді.

Сот үкімімен «Т» ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 (төрт) жыл мерзімге  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.