$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талғарға жаңа әкім сайланады: нақты күні белгілі болды

Сол сияқты Ұлытау мен Қостанай облыстарының бірнеше ауылында әкімдер сайланады

Талғарға жаңа әкім сайланады: нақты күні белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Талғарда атышулы оқиғадан кейін жаңа әкім сайланады. Орталық сайлау комиссиясы сайлау күнін белгіледі. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

ОСК мәліметінше, Алматы облысы Талғар ауданы аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Талғар қаласы әкімінің сайлауы 2024 жылғы 15 желтоқсанға тағайындалды.

Дәл осы күні қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы бірнеше өңірде өтеді: Ұлытау облысында Ұлытау ауданының Алғабас, Егінді, Мибұлақ және Шеңбер ауылдық округтерінің әкімдері сайланады.

Сол сияқты Қостанай облысында Әулиекөл ауданының Новонежин ауылдық округіне, Жітіқара ауданының Пригородное ауылына, Қостанай ауданының Белозер ауылдық округіне, Сарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округіне және Маяк ауылына әкімдер сайланады.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Талғарда 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ жігіт өлтіріп кетті, артынша оның отбасының үйі өртенді. Осы оқиғадан кейін Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен босатылған.

Бастапқыда ІІМ күдіктілерге іс бойынша 10 адам өтіп жатқанын хабарлады. Алайда кейінірек тағы бір адамның ұсталғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары