Апат салдарынан жер астынан су атқылап, маңайындағы үйлер жарықсыз қалды
Қостанай облысының Рудный қаласында өткен түнде жылу трассасы жарылып кетті. Оқиғаның барысы түсірілген видео жарияланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Наша газета» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан жер астынан атқылап жатқан суды көруге болады.
Басылым мәліметінше, оқиға Топорков көшесінде болған. Сол сияқты бұл жылу жолына жаңа құбырлар жақында ғана төселгені айтылды.
Апат салдарынан түн ортасына қарай көше бойындағы үйлер жылусыз қалғаны белгілі болды.