Аймақтарда көктайғақ болуы ықтимал
Қазгидрометтің мәліметінше, бүгін еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында қар жауып, боран болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 20-28 м/с-қа дейін күшейіп, көріну мүмкіндігін нашарлатуы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 08 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 08 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 08 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ: 08 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 08 қараша көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 08 қарашада түнде баяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Батыстан соққан жел оңтүстікке ауысады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 08 қарашада көктайғақ, тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде екпіні 16 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында жолдардағы көктайғақ сақталады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақытта 25 м/с. Петропавл қ.: 08 қарашада батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 08 қарашада түнде тұман күтіледі. Қонаев қ.: 08 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 08 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. Павлодар қ: 08 қарашада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 08 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с. Шымкент қ.: 08 қарашада түнде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 08 қарашада түнде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с