$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сәтбаев қаласында әйел адам өзін де, балаларын да өлтіретінін айтып қорқытқан

Сот шешімі бойынша әйел адамның балаларына қатысты ата-ана бойынша құқығы шектелді

Сәтбаев қаласында әйел адам өзін де, балаларын да өлтіретінін айтып қорқытқан
Фото: istockphoto.com

Сәтбаев қаласының білім бөлімі екі баланың анасына ата-ана құқығын шектеу туралы сот ісін қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Азаматтық іс Ұлытау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

«Ата-ананың мінез-құлқына байланысты балалар үшін қауіпті фактілер анықталды, атап айтқанда: азаматша Ч.-ның физикалық күш қолданғаны, олардың өміріне қауіп төнгенде ешнәрсе жасамағаны, сол сияқты оның балалармен бірге суицид жасайтыны туралы хат келген», - делінген хабарламада.

Сотта жауапкер талап арызды мойындаған жоқ.

Сот шешімімен әйел адамның балаларына қатысты ата-ана бойынша құқығы шектелді. Балалар қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға қамқоршылыққа берілді. Сонымен қатар, одан балаларды асырауға алимент өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары