Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жүргізушілерге жолға шықпауға кеңес беріледі
Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тасжолында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтожолға сілтеме жасап.
2024 жылғы 6 қарашада сағат 19:00-де Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолының 965-1153 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Сонымен қатар 2024 жылғы 6 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар Көкшетау-Атбасар автожолының 47-184 шақырым аралығында (Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарларуда. Жолды 2024 жылғы 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.