06.11.2024, 10:44
Жаңалықтар
Астанада мектеп директоры 8 млн теңге жымқырамын деп 52,3 млн теңге айыппұл арқалады
Ол жымқырған бюджет қаражатын толық көлемде қайтарды
Фото: istockphoto.com
Астанадағы мектептердің бірінде бюджет қаражаты жымқырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық прокуратура мәліметінше, жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам жалақы мен сыйақы аударылып отырған.
«Сот үкімімен мектеп директоры сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп жымқырғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 52,3 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.
Кінәлі тұлға залалды толық көлемде өтеді. Үкім заңды күшіне енді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр