«Су, электр энергия, жылу қашан болады?»: Ақтау тұрғындары өткен түннен беріп жарықсыз отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Тұрғындардың айтуынша түнгі сағат бірден бастап жарық жоқ

Фото: istockphoto.com

Ақтау тұрғындары өткен түннен бері жарықсыз қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары вольтты кабельдегі апат облыс орталығындағы үш ірі тұрғын үй кешенінің жарықсыз қалуына себеп болды.

Басылым мәліметінше, жергілікті тұрғындар Маңғыстау облысы әкімдігінің чатына жаппай хат жазып жатыр.

«Сағат түнгі бірден бастап екі сағаттан кейін жарық берілетіні туралы уәде беріліп жатыр. Кабельді кім үзді? Проблема неде? Түсіндіріңіздерші.

Қалада тәртіпсіздік белең алып тұр. Жарық желісіндегі апат шешілген жоқ. Алдымен 15 шағын аудан, енді 17 шағын ауданда. Әлі күнге дейін жылу жүйесі, ауызсу мәселесі шешілмей тұр. Облыс басшылығы бар, олар қандай шаруамен айналысып жатыр?

«Грин Плазада» су, жарық, жылу қашан болады? Мұнда үш мыңға тарта адам тұрады. Түсінесіздер ме!» - деп жазды жергілікті тұрғындар.