04.11.2024, 17:18
Жаңалықтар
Жамбыл облысында зират қоршауын ұрлап жүргендер ұсталды
Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Жамбыл облысында зират қоршауын ұрлауды «кәсібіне» айналдырғандар ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрар Рысқұлов ауданында 26 қазан күні екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлап жүрген жерінен ұсталды. ҚР ҚК-нің 24-бабы (Қылмысқа оқталу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары екені анықталды. Тергеу барысында күдіктілердің бұрын жасалған Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлау дерегіне қатыстылығы белгілі болды.
Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады