Қазақстан әскері әлемдік рейтингте ТОП-30-ға енді

Автор: Azattyq Rýhy

Рейтингке әлемнің 89 мемлекеті енді

Фото: Ақорда

Қазақстан әскері әлемдегі мықты армиялардың тізімінде 22-орынға жайғасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Рейтингке 89 мемлекет енген. Қазақстан әскері Ливан мен Кувейттің ортасында тұр.

U.S.News рейтингі бойынша, бұл тізімде Ресей көш бастап тұрса, екінші орында – АҚШ, ал үштікке Израиль енген. Ары қарай: Қытай, Оңтүстік Корея, Иран, Ұлыбритания, Украина, Германия, Түркия кезек-кезегімен орналасқан.