Шымкентте есірткі жарнамалайтын 18 Telegram канал бұғатталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында анықталды

Фото: istockphoto.com

Шымкентте есірткі жарнамалайтын Telegram каналдар бұғатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын Telegram-каналдар анықталды.

«Атқарылған жұмыс нәтижесінде, «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 Telegram канал бұғатталды.

Сондай-ақ, қала прокуратурасымен бұл бағытта жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда», - делінген прокуратура хабарламасында.